

Жетісу облысының полиция қызметкерлері Жаркент қаласында екі жергілікті тұрғынды ұстады, олардың бірі есірткі сатуға күдікті.
Күдіктілердің бірі марихуана сату кезінде қолға түсті. Екіншісінен 1 келіден астам марихуана табылып, тәркіленді.
«Қазіргі уақытта есірткі заттарын сату, сондай-ақ аса ірі көлемде заңсыз сақтау фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалып, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.